Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.08.2022
151
ӨЛЕҢ ОҚЫ!
Жойғың келсе қайғыңды – өлең оқы!
Кешкің келсе айдынды – өлең оқы!
Өлеңде – арман, шаттық, мұң мен үміт,
Сайрайды мың құбылып бұлбұл, тоты.
Өлең оқы мұңайған сәттеріңде,
Сырлас серік табасың – дәт көңілге.
Жазылмайды өмірге оғаш нәрсе
Ақындардың сыр-сандық дәптерінде.
Өлең оқы мазасыз шақтарыңда,
Ақын шынын айтады ақтарыла.
Олар ұшып жүреді шырақ жағып,
Қыртыс-қыртыс милардың қатпарында.
Тасыса да көңілің – өлең оқы!
Жасыса да көңілің – өлең оқы!
Түңілсең де өмірден – өлең оқы!
Өлеңде бар сөнбейтін өмір оты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter