Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  191


Автор: Айсырға Қилыбаева

СЫЙЛЫҚ

Бір күні Жексен інім жылап келді,
Ол кезде шуақты еді, қуатты еді.
«Ініңіз сырқат екен,
Әулиеден
Келейік бір шапағат сұрап», - деді.
Сонымен барып қайттық Оғланға,
Пір Бекет сүйеу болар сұрағанға.
Сондағы алып келген тәбәріктен
Мойныңа алқа тақтым аламанда.
Анамнан қалған шашақ тұмар еді,
Алладан саулығымды сұрап еді.
Мен саған сол тұмарды сыйлап тұрмын,
«Өнердің болсыншы, - деп, - Құлагері».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу