Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  117


Автор: Айсырға Қилыбаева

О, ЖАРАТҚАН!..

Аспан ашық,
Ара қашық,
Сонау заңғар алаптан,
Әмірі мен құдіретін кең әлемге таратқан;
Қалай ғана тілдесемін
Мен сенімен, Жаратқан?
Өкпем өшіп,
Сорды кешіп,
Көкжиекке беттегем,
Түсінбейді, түсінбейді
Жол азабын шекпеген –
Тағдырдың тар өткелінен мың сүрініп өтпеген.
Тұншығамын,
Мұң шағарым
Сенен басқа жоқ менің.
О, Жаратқан мекеніңде
Барсың ба, әлде жоқ па едің?!
Осы менің балдырдан ба,
Маймылдан ба түп тегім?!
Сенер едім,
Сүйенерім,
Безбендесең араны,
Ақты ашып, жазаласаң қараны.
О, Жаратқан,
Түтін жұтып, күркілдеген даланы
Қаралықтың дерті жайлап барады.
Табынарым!
Жалынамын:
Ақ жүрекке қуат бер!
Ақ жүректер байлық емес,
«Шынайылық – мұрат» дер.
Ақ жүректі адамдарды
Жалған болса, сынап көр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу