Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  111


Автор: Айсырға Қилыбаева

Ғасырлардан-ғасырларға көшкен ел...

Ғасырлардан-ғасырларға көшкен ел,
Өз тағдырын көшіп жүріп шешкен ел.
Ырғалады қоға, қамыс жағада,
Теңіз беттен тербеткенде еспе жел.
Өтіпті атам жақсы күндер арман қып,
Жеткізбеген, жолын кесіп аңғалдық.
Өз тегіне тартып туар ұрпағы,
Ойынға емес, ойыншыққа алдандық.
Жатқандай-ақ бақсы-балгер сиқырлап,
Бүтіндікті бөлшектедік қиқымдап.
Көңілді аулап, сезім жаулап жүр қазір,
Жалаңаштар май бөксесі былқылдап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу