Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  482


Автор: Сайын ӘДІЛХАНҰЛЫ

СОҢҒЫ СӨЗ

Жасымнан өсіп едім бұла болып,
Жүруші ем әрдайымда көңілім толып.
Көктеп емес, қурап бара жатырмын,
Айналамды бағдарлап, көрсем шолып.
Сүйредім сүрінгенді, құлағанды,
Жұбаттым таяқ жеген, жылағанды.
Басымды тауға да ұрдым, тасқа соқтым,
Өмірден алмақ болып сыбағамды.
Ішінде көп Адайдың бірі едім,
Білмеппін бұл өмірдің сыры көбін.
Келгенде жас алпысқа жүйкем тозып,
Білмеппін жан-жүйемнің тілінерін.
Көрмедім ірілерін ағаның да,
Көңілімді қалдырып жүр інілерім.
Босқа өтті бүкіл ғұмыр үміт еткен,
Соны ойлап, өз-өзімнен түңілемін.
Налимын, кейде еңкейіп, бүгілемін,
Сыр бермей, сырт көзге тек тірілемін.
Бұл тағдыр маған сараң бұйыртпады
Жақсы туыс, ұл мен қыз, іні-келін.
Талайды қармағыма іліп едім,
Марқайып, маң-маң басып жүріп едім.
Білмеппін бұл жалғанның опасызын,
Кебінге үш киімнің тігілерін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу