Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
84
КӨРГЕНДЕЙ БІР БОЛАСЫҢ
Қостанайдың жерінде,
Бидай басын ырғайды.
Қырларында жап-жазық,
Жусан біткен жырлайды.
Қысы, жазы көк жасыл,
Ну қарағай шулайды.
Көлдерінде көгала,
Асау толқын тулайды.
Жағасында қамысы,
Тартар тынбай сырнайды,
Асау аттай бұлқынған,
Ойнақы, отты жыр туған,
Көргендей бір боласың,
Ақын аға Сырбайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter