Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  119


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

ТҮСІНБЕЙ ЖҮРМІН

Сен жүрдің өзге жол қалап,
Сөзіңмен салқын меңдеттің.
Не етейін сосын қолқалап,
Алыстап сенен мен кеттім.
Дос тауып өзге өмірден,
Ақ жүзің, бәлкім, жайнайды.
Білмеймін, қашан көңілден,
Өкпенің сызын айдайды.
Мен емес, сертті сен бұзып,
Қарсы алып едің түн болып.
Бүгін де, міне, ең қызық,
Қарайсың неге күн болып?
Айтылмай қалған көңілде,
Талпынған сыртқа көп сырлар.
Соңынан сезер өмірде,
Көп сыр бар, я көп сыр бар.
Қоймалық кінә сезімге,
Түсінбей жүрмін сөзіңді,
Түсінбей жүрмін кезімді,
Түсінбей жүрмін өзіңді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу