Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
113

ТОЙДА
– Тартпа, тартпа, жібер, жібер тізгінін,
– Шіркін, мынау қыз атының ызғуын.
Осылай бір баурап алып көңілді,
Дыр-думанға кетті айналып қыз қуу.
Сол өжет қыз жұрттың көңілін жібітті,
Жеткізбес деп артты қызға үмітті.
– Барғанынша жете алмаса төпейді-ау,
Қайтар жолда қамшыменен жігітті.
Жеткізбей қыз жігіт ішін күйдірді,
Көптен бірақ көңілінде бір күй жүрді...
Шаң ілеспес аты жүйрік болса да,
Жорта тежеп жігітке қыз сүйдірді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇