Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
100

АҚТАРСА, ШІРКІН...
Тымырсық ауа, тылсым шақ,
Манаурап мең-зең кергиді.
Теңіздің арғы шетімен,
Астасып бұлттар өрбиді.
Ақшулан толқын ақырын,
Ақтарса, шіркін, өр күйді!
Астаң да кестең ақ дауыл,
Жөңкісе жаным сергиді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇