Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
149

ҚҰБА БЕЛЕС
Қыс болса, қарлы боран үйіреді,
Қара бұлт бүркіттей-ақ шүйіледі.
Жаз шыға жауқазындар қырды жауып,
Көргеннің көңілі тасып сүйінеді.
Туған жер - Кешкіл атты құба белес,
Көңілде жүрген көптен күйім еді.
Сол сазды мен тартайын бүгін күйлеп,
Шалқытып, шалықтатып үйдек-түйдек.
Жүрсем де жер түбінде Кешкіл төбе,
Жүрегім жетелейді саған сүйреп.
Тиегі сияқтысың тағдырымның,
Өмірді тұрмасаң да өзің билеп.
Жайнай бер, меруерт жаңбыр жаусын-жаусын,
Боз қырлар бұйра бұлтты саусын-саусын,
Көңілім көктем болып ән салайын,
Ауаңда аз да болса даусым қалсын.
Кезейін бұл өмірдің құз, қиясын,
Өзіңнен басталған жол таусылмасын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇