Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
119

ТУҒАН ЖЕРГЕ
Туған жер, болдың екен неден ыстық?
Сүюге топырағыңды құшып-құшып,
Сандығын сағыныштың айқара ашып,
Келемін аспаныңда құстай ұшып.
Кең дала, таңғы шақта манаураған,
Мен сенің топырағыңа сан аунағам.
Бойыңнан небір абзал нәрің дарып,
От алып, жас жүрегім алаулаған.
Толтырған көңілімді күйге менің,
Туған жер, әлі өзіңнен үйренемін.
Алыстан анамды аңсап оралғандай,
Көргенде бір өзіңді күйге енемін.
Туған жер, болдың екен неден ыстық?
Сүюге топырағыңды құшып-құшып,
Сандығын сағыныштың айқара ашып,
Келемін аспаныңда құстай ұшып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter