Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
147
Аспаны ашық, адамдары жап-жарқын...
Аспаны ашық, адамдары жап-жарқын,
Таңы кандай, түні қандай сап-салқын?
Жақын тарттым осынау жерді жаныма
Туыс көрдім жомарт жүрек, ер халқын.
Құмы да аппақ, жаны да аппақ - кіл аппақ,
Кеш келіппін шалғай кетіп жыраққа.
Абыз ата, абзал ана, жақсы аға,
Кұшаққа алды басқан сайын бір аттап.
Үлгермедім беріп жауап сұраққа,
- Айналайын! - деген үндер құлақта.
Сен деп ойлар перзентіңмін, туған жер,
Бұл мекенде тұрмағанмен тұрақтап.
Дархан ауа, шөбі шүйгін бел екен,
Бабам өткен, әкем жүрген жер екен.
Әнің бүгін кетті алысқа шарықтап,
Құтты болсын шалқып жатқан мерекең!
Атырауым, ақ нұрыңды құшамын,
Айдыныңды аймалайды құшағым.
Төгіп жаңбыр, жусан бүрлер кездерде,
Көгершін боп тек өзіңе ұшамын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter