Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  149


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

ЕР МАХАМБЕТ ЖАТҚАН ЖЕР

Шалқар құлаш, кең көсіліп жатқан жер,
Күн күл болып, таң өртеніп атқан жер.
Талай арман жалқын күндей батқан жер,
Талай ана елі үшің ұл тапқан жер.
Өгей өмір илеп, шыңдап намысты,
Жанды қайрап, кекті жалындатқан жер.
Астында аты бурыл, әлде ақтанкер,
Ел қамы үшін ер Исатай шапқан жер.
Жортуылмен "ер төсектен безініп",
Тебінгіге тұз болып тер қатқан жер.
Топ қызғышқа Махамбет мұң шаққан жер,
Ыза жасы отты көзден аққан жер.
Қайсар ұлын қысып ыстық қойнына,
Мәңгі әлдилеп торқасымен жапқан жер.
Өмір күйі бүгін шалқып жатқан жер,
Таң арайлап, күн нұрланып батқан жер.
Топырағыңды сүйіп сенің өтейін,
Семсер жырлы ер Махамбет жатқан жер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу