Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
206

КАСПИЙГЕ
Дауылыңнан күй үйреніп өтейін,
Толқыныңнан би үйреніп өтейін.
Тереңіңдей тұңғиық ой ойлайын.
Дүние - әлем сырларына бойлайын.
Шаршасам да, сүрінсем де алқынып,
Шағалаңдай шарықтайын шарқ ұрып.
Өмір - мұхит құлаш ұрып көрейін,
Мен де өзіңдей барымды елге берейін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter