Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
146

ЖАЙЛАУДА
Айнала Қаратаудың сілемдері,
Жамылған табиғаттың кілемдерін.
Сіміріп бал бұлақтан мейірі қанып,
Жайнайды тау етегі реңденіп.
Алтын нұр батар күннің қиығында,
Қалың мал Тұщыбектің тұйығында.
Ақ мамық бұйра бұлттар тұр қалықтап,
Мұнартқан Манатаның иығында.
Қойшының әні кеткен қия-шыңға,
– Япырым-ау, бұл өлкеге сиясың ба?
Дегендей қалың қойға қарайды арқар,
Текше тас Түйемойын қиясында.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter