Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
137

БЕС ҚАРЛЫҒАШ
Маған келер жол-сапарды сұрасып,
Бір сәт тастап үйі-мүлкін, мұрасын.
Бес қарлығаш тынбай ұшып келеді,
Өзен өтіп, тауларды аттап, қыр асып.
Жер түбінен осынау боран, қыс күнде,
Жан ұшырып неге әлекке түстіңдер?
Бес қарлығаш – айналайын бес апам,
Бар тілегі менің ғана үстімде.
Тағдыр айдап, мен де шалғай мекендеп,
Тілейміз тек аман жүрсек екен деп.
Тағат таппай ұшып кепті бауырлар,
Көзбен көріп, бір-бір сүйіп кетем деп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter