Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
95
КӘМӘНДІРӨБКЕ
-Әпке –жездем көрінбейді
Жайлауға кеткен жоқ па?
-Құлыным- ау, кеп-кешеэ
Прәзднік өткен жоқ па?
-Иә, өтті. Ал оған
Қандай қатысы бар жездемнің ?
-Әй ол дінен безгеннің
Трагедиясы
Осы семьяға жететін.
Мереке сайын әдеті емес пе,
«Кәмәндірөбкеге» кететін.
-Қызық екен?!
Мерекеде жұмыс істеген
Жездеміз пысық екен?
Сонда командировкасы
Ұзақ мерзім бе?
-Ойбай, жұмыс бабымен болса
Құдай берекет берсін де!
Тек жазмышқа болмаса
Кімге артайық өкпені.
Сен түсінбей отырсың
Мен айтқан «кәмәндірөбкені»-
Ол пәтшағар қарнына
«Қылғытам» деп «Водкені»
Тағы арқалап кетті ғой
Әлгі ... он бес сөткені...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter