Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  82


Автор: Қыдырбай Тұрмағанбетұлы

«ЫМ...М...М...»

Клубқа ауданнан
Бір уәкіл келіп отыр.
Мәдени жұмыстар жөнінен
Завклуб балаға
Түрлі сұрқ беріп отыр.
-Әр тақырыпта лекция
Оқыла ма клубыңда?
-Әрине,мәселен...
Лекция туралы
Диспут өтед бүгін мында!..
-Тұра, тұр бала-әй,
«Лекция туралы диспутың» қалай?
-Ағай-ай,
Бір емес қатарынан
Үш лекция оқылса,
Оған барып
Сельсоветтің баяндамасы қосылса
Диспут емей немене?
-Ым...м...м...
Ал,ол, «диспутыңа»
Халық көп келе ме?
-Келгенде сыймай кетеді.
Даже, совхоз басшылары
Шөп пен қырқымға
Адамды осынан жинай кетеді.
Ым...м...м...
Үйірмелердің графигі
Неге мұнда көрінбейді?
-Графигі жоқ болғанмен
Бұл жердің жастары
Үйірмеге қатысға ерінбейді...
-Ым...м...м... Мәдениет бөлімінің
Методикалық хаты қайда?
Ол туралы ұйымдастырылған
Бұрыш-папка,заты қайда?
-Маған ешбір хат келген жоқ,
Хат салмай жүр,
Жан досым Бақыбай да...
- Ым...м...м...
ендеше көрсетші
Жоспарыңды жасаған
Тек осы айға –июльге?
-Бар еді...
-Қане ?
-Үйімде.
Апыр –ай, жұмысқа кім алды екен
Түйсігі тайыздау күйінде?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу