Өлеңдер ✍️
СҮР БОЙДАҚТЫҢ СЫРЫ
(сықақ)
Мен есептеп қарасам -
Он сегізден бастап қызды ойлаппын,
Бірақ, әлі үйленген жоқпын,
Жасым отыз бесте –сүр бойдақпын.
Неге дейсіз бе?
Оның өзіндік сыры бар.
Үйленбеген жігіттер
Сабақ болар ұғып ал:
Үлкен ағамның әйелі –
Біл «білікті» көретін жеңгем –ді,
Мен әуел бастан үйлену туралы
Сол кісіге сенгем-ді.
Мәселен,жыл сайын бір қызбен
Тіл табысып, жақындасып отырдым,
Қай қызға сөз айтсам да,
Әлгі жеңгеммен ақылдасып отырдым,
Алдымен, Ауанкүлді алам дегенде:
-Қайным –ау, миыңды құрт жеген бе?
Ол деген – шаштаку,шашын қиған,-дедіБойы ұзын,сыры кеткен сидам,-деді.
Амалсыз көндімАуанкүлге рұқсат бердім.
Сосын Табанкүл деген қызбен жақындастым.
Тағы да шауып келіп,
Әлгі жеңгеммен ақылдастым.
-Бұдан артық қызға қол жетпес,-
Деп едім, жеңешем шалқасынан түсті:
-Ойбай, келін боп көктетпес,
Салпы етек салақ,-деді, -
Және бір міні –қомағай,
Ойлайтыны тамақ,-деді
Тамақсау болса да
Табанкүлім тәуір еді.
Бүгінде соны ойласам,
Елжірейді бауыр етім.
Амал нешік,ол қызбен достастым.
«Ақылгөй» ақ жеңгеме
Бұл пәтшағар да ұнамады.
Жасыратыны жоқ, бұл қалыңдыққа
Өз көңілім де онша құламады.
Сосынғы сүйгенім Сәуегүл еді,
Мұны да жеңгем маңдытпады.
Анау деді, мынау деді,
Әйтеуір алдыртпады.
Одан кейін ОрынкүлдіОпалағанда,аямайды бетін,-деді.
Жәнегүлді – жалғыз шешесінен басқа
Ешкімі жоқ,жетім,-деді.
Әміркүлді –әртіс неме,
Өлең айтып секектеп кетеді.
Жаз болса гастрольКемпір –шалдан бөліп,
Сені де жетектеп кетеді,
Деп шығарғаны.
Ал Теміргүлді
-Ағасы сотталған,
Арақ бермесең, ақиланып
Бәріңдң өтектеп кетеді,-
деп нығырлады.
Міне,осылай
«Ақылгөй» ақ жеңгемді тыңдаймын деп,
Соның айтқанын екі қылмаймын деп,
Жүргенімде, о, тоба?-
Отыз беске келіппін.
Тұқымы да қалған жоқ
Баяғы жастық желіктің.
... Бұл күнде
Сол кездерімді ойлап «шырылдап» жүрмін,
Жас қызға әзіл айта алмай
Ауызымды буып, тығындап жүрмін.
Көрші ауылда күйеуі өлген...
Бір жас келіншекке қырындап жүрмін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter