Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  101


Автор: Қыдырбай Тұрмағанбетұлы

Қарыз- қияметқайым

Бесіннің шамасында,
Сағат үш пен төрттің арасында
Ақылбек бастаған алты жігіт
Алдыңғылары ұялғансып,
Арты күліп,
Сарбастікіне сау етіп кіріп келді.
Әрине, олар біліп келді...
Бірі: «Салем, Сарбас!» - деді,
Бірі: «Хал қалай,құрдас!» - деді.
Бірі: «Мереке құтты болсын» -деді,
Бірі: «Арақты әкел, Амандасу осымен бітті!» - деді.
Ал , енді әлқисса,
Сарбастың жайын айттырса:
Әйелі де, өзі де,
Студент деген халық еді.
Соңғы стипендияларына,
Бір жазу столын алып еді.
Қалта тайыз болғанмен халқымыздың
Қонақ күту парызы бар.
«Әкем келді», - деп бір алған,
«Тәтем келді»,- деп бір алған,
Жалпы осы подъездегі көршілердің
Бәрінен қарыз сұралған.
Демек, басқа подъезден сұрау керек.
Қонақтар болса күтіп отыр.
Ендеше тұрмау керек.
Сонымен Сарбас
Әйелімен екеуі
Жолығып қарыз деген қатыгезге
Ана подъезден мына подъезге
Қарыз сұрап сабылды.
Ақыры 2-3 үйден жинағанда
Біраз ақша табылды...
Сарбастың қонақтары
Таңға жақын тарады.
Көшеде әне, шырқатып
«Той жырын» айтып барады.
***
Мереке ғой, құрдастікіне
Бару да керек, тойлау да керек.
Дегенмен... жас семьяның жағдайын,
Ойлау да керек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу