Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  85


Автор: Медет Дүйсенов

ЖЫР КИЕСІ

Кейбіреулердің қарамай қол соққанына,
Құрғақ сөздердің айналмай қолшоқпарына.
Толғанып тұрам, ұрардай жырдың кииесі,
Санамды қарып алмасам ой шоқтарына.
Толғандырғансың сен талай тектілерімді,
Жырлаған олар, дәл тауып дертті жерінді.
Ойсыздар бүгін ұялмай өлеңмен ойнап,
Аласартумен апыр-ай, кетті ме өрінді.
Құйылып жатсын асыл сөз қаламымда андап,
Жасық жыр жазсам, секілді дала мұнданбақ.
Оқырманым-ай, отты үрлеп өзегіндегі,
Жақұт жолдарым тұрса екен жанарынды арбап.
Өңін кетіріп жүрген көп, есіл өнердің,
Налимын кейде, деп ойлап: несіне келдім?
Тұнығынды егер байқамай лайлап алсам,
Қасиетті жырдың киесі, кешіре көргін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу