Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
86
Көбе киіп төзімнен...
Көбе киіп төзімнен,
Қиындық белін үзермін.
Сәйгүлік мініп сезімнен,
Шартарап төсін сүзермін.
Құбылып келсе құм мінез –
Дауыл боп соғып, түнердім.
Жалғандыққа дүмбілез –
Салынған, шындық-шідермін.
Ес жиғызбай ездікке,
Қас қырандай бүрермін.
Кегімді беріп кездікке,
Шалқайып тұрып күлермін.
Арамдық болса, ұнатпай,
Аластап оны жүрермін:
Құйрық-жалсыз тұл аттай,
Қылта түптен күзермін.
Маңдайымды, керіліп,
Құбылаға түзермін.
Үзілмегей тек үміт –
Табан тірер үзеңгім!..
Ел мерейі – маған бақ,
Лашын құстай түлермін.
Алашым саған алаңдап,
Басымды тіккен бір ермін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter