Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  122


Автор: Медет Дүйсенов

КӨГЕРШІН ҚАСЫНДАҒЫ КҮРСІНІС

Дегендей, мені осынау шақта көрсін,
Аспан әсем, ақша бұлт – мақта дерсің!
Су құйғандай, маздаған сезім-шоққа,
Өліп жатқан жер құшып ақ көгершін.
Атқан адам кім екен, қандай кісі:
Булықтырған біреу ме жан қайғысы?
Көкірегі қараңғы сезімсіз бе,
Көңілінің ұшпаған самғай құсы?
Жөнелді мен шырқатып соқпақта әнін,
Мақтан етіп, дәл көздеп оқты атқанын?
Опынды ма ойланып өз ісіне,
Бір жазықсыз жүректі тоқтатқанын.
Тудырғандай құсқа өзім заманақыр,
Тебірене күрсіндім далада құр.
Аласұрған көңілім сияқтанып,
Ақ мамықтар бұрқырап бара жатыр..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу