Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  77


Автор: Медет Дүйсенов

ІЗДЕЙДІ КҮН ШУАҒЫН

Болғандаймын қарауыл бүгін бейне,
Қойды-ау тіпті кірпігім ілінбей де.
Қағатын не терезе әйнектерін,
Қара түнде қаракөз күбірлей ме?
Ұшып кетті ұйқы-құс, тыншымадым,
Сағындырған тербетті сыршыл әнім.
Құлын мүсін, қылықты қалпыңменен
Жанарымда бір сәтке тұршы, жаным.
Құмар қанбай, сүйгім кеп ұмсынамын,
Қыл арқандай керіліп тұр шыдамым.
Қара түннің талпынып құшағында,
Жүрек, жүрек... іздейді күн шуағын!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу