Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  102


Автор: Медет Дүйсенов

ЖАРНАМАЛАР

Алаңда – бағанға, жарға да,
Арнайы жапсырып тастаған.
Жар салып тұрады жарнама:
Керек пе машина, баспанаң...?
Жолдағы, байқамай өзгені,
Сондағы: «Сатамын!», «Аламын!»,
«Айырбас жасаймын!» сөздері,
Айқай сап... қалт тұрып қаламын.
Сөйлейді жарнама әр тілде,
Қалыпты кейбірі жыртылып.
Үңіліп жатады әркім де,
Сүзеген бұқадай ұмтылып.
Тілімдей қағаздар... жел желпіп,
Күлгендей көрсетіп тілдерін:
«Қалайша алмайсың менен түк,
Белгілі жоқ іздеп жүргенің».
Сөздерде сыр жатыр, сұраған,
Ұғынам: барлықты, тапшыны...
Тұрмыс-күй жайлы бір роман,
Оқыған жандаймын, тап шыны!
«Алмаймын!, «Ештеңе, сатпаймын!»,
«Айырбас жасап та жатпаймын!»
О, халқым, оңдайлық жоқ дүнием!»,-
Деп жазып, бір күні кеттім мен...
...Шындықты жазсам да қысылдым,
Дұрыс па, бұрыс па?! Түсінгін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу