Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
248
Мұнай – сия, малшынған...
Мұнай – сия, малшынған,
Дәуіт сынды далам, бай.
Ал, мұнара шаншылған –
Малып қойған қаламдай.
Дана ойдай – асыл күн,
Ақ парағы – алаңдар.
Шежіресін ғасырдың,
Жазып жатыр адамдар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter