Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
111
ҚҰРТҚАШАШ
Құртқашаш көрсем, тегі, мен,
Қаламын ғажап күй кешіп.
Атауы қызға телінген,
Тұрады-ау әндей үйлесіп.
Жарытам, шөптен не біліп?
Жалт етті бір ой жасындай:
Өскені қызық, төгіліп,
Сабағы – қыздың шашындай.
Баладай, үнсіз бағындым,
Сезім-ай селдей тасыған!
Шөп емес, айдай арудың,
Сипағандаймын шашынан...
Жанымды, мынау даламда,
Бесіктей тербеп тұр арман.
Елестеп кетті-ау жанарға,
Құртқадай сұлу, бұралған!.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter