Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
103
ӘЛДИ ӘУЕН
Әуеніне даламның
Жиып алған бар күйін –
Сағынамын анамның
«Әлди, әлди, әлдиін!»
Ұғынумен өмірді
Есейсек те ержетіп.
Қоңыр әуен көңілді,
Келеді әлі тербетіп.
Бір биікке ұмтылғам,
Жанға іздемей сая-бақ.
Көкіректе бұлқынған,
Бөбек жырды аялап.
Сезім оттай шалқиды,
Ұшқын жоқ па?-
Сарқылдың!
Алдан күтер әр қилы
Арманы бар әркімнің
Жүрмес іске жанаспай,
Болғаннан соң ол адам.
Мақсатсыз жан ағаштай,
Жемісін жел тонаған.
Ондай ғұмыр түнек те,
Кеудеңе күн қонбаса.
Әлдилейтін жүректе,
Бір асылың болмаса!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter