Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  103


Автор: Медет Дүйсенов

ҚҰЙЫН

Ұршықтай зырлап билеген,
Көтеріп шаңды жел кенет.
Самарқаулықты сүймеген,
Келеді құйын дөңгелеп.
Бейғамдау жатқан бұйығып,
Оянды дала оқыстан.
Дауылды желі үйіріп,
Тазартты жолын қоқыстан.
Сыпырып бәрін сырғыды-ай,
Арқандай бейне есіле.
Барады бойлап бұрғыдай,
Көгілжім көктің төсіне.
Құйынды даттау обал-ды,
Жанына жат қой жалтаңдық.
Аспанға сіңіп жоғалды,
Айнала маңды аң-таң қып!
Сыр түйдім құйын тірліктен,
Жанарым алды жалқын нұр:
Жердегі қулық-сұмдықпен,
Арбасып өтер ақын тұр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу