Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  78


Автор: Мырзатай Болат

АБАЙДЫ ҚАЙТСІН !..

Ақынын иттей қабады


Өлеңді қайтсін адамы!..
Дүние қуған қазаққа –
Мал-мүлік болса, жарады!..
«Ақырып теңдік сұраған!..»-
Махамбет еді ірі адам!..
Сөзі өтпей төре-қазаққа


Қызғыш құстайын жылаған!..
Қазаққа – ол да жақпаған!..
Оған да – сұмдық сақтаған!..
Абайды қайтсін «кіл надан»-
Дүние боғын таптаған!..
Жұмекенімді-білмеген!..
Мендейді- көзге ілмеген!..
«Ақша!.. Ақша!..Бизнес!.. Капитал!..
Қазаққа – Ай мен Күн!»-деген!..
Жүрегім- жаным тыншымай


Өртенем, күйем шырпыдай!..
«Пендеңді – қара күйеден
Тазартшы,-деймін,- бір Құдай!..»
Қазақтан – күдер үзбеген!..
Қияли ақын – біз деген!..
Кім үшін өлең жазамын?..
Сорлымын соны білмеген!..
Көп қуған қызыл түлкіні


Інге де кірер бір күні!..
Рухы - өлді қазақтың!..
Қалғаны- жебір құлқыны!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу