Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  102


Автор: Мырзатай Болат

ӨТКІНШІ

Қайда, төр – менде...
Едім өр кеуде!..
Аштым жүректі –
Жаным сенгенге!..
Болдық бір «мықты» -
Сөйлеп шындықты!..
Біреу – сескеніп,
Біреу – үздікті!..
Көңіл марқайып,
Күлдік шалқайып!..
Мақтау тыңдадық –
Құлақ қалқайып...
Уақыт зырлауық –
Өтті ұрланып...
Шындық тасада –
Қалды шырмалып!..
Көкте – жүрдік те,
Жерді – білдік пе?..
Күннің – күнінде –
Шөктік күлдікте!...
Мезгіл күшін-ай!..
Қылған ісін-ай!..
Сұп-сұр безерген –
Күлдің түсін-ай!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу