Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  91


Автор: Мырзатай Болат

ҚЫЗДЫ СҮЙІП БІР ЖІГІТ

Есі кете сүйді жігіт бір қызды,
Бірақ, сорлы тосылғанын білмеді!..
Кешіккені -ақ үмітті күрт үзді,
Кейін кетті басқан адым ілгері.
Көздерінен қайғыменен жас тамып,
Қыз да кетті, қайтсін енді, жол қысқа.
Жас жігіт пе?..Тағдырынан жасқанып,
Қала берді бармақ тістеп, қол –қысқа!..
Басқаға тек кездеспегей – тілегім;
Жаңалық деп жараспайды естуге.
Қарс айрылды-ау сенің де пәк жүрегің,
Бұл оқиға күлкі әкелмес ешкімге!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу