Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  98


Автор: Мырзатай Болат

ПЕРРОНДА

Вокзал.
Перрон.
Құжынаған көп халық –
Теңіз дерсің.
Соған құяр – мен бұлақ.
Достар болып күтіп тұрмыз топталып,
Көрінбедің,
Келмей қалдың сен бірақ!..
Шіркін көңіл!..
Уақыттан біз озбадық.
Соңғы қалған секундтарды санаймын!..
Бітті бәрі!..
Кетті поезд қозғалып...
Терезеден жалтақ-жалтақ қараймын...
Құшағына алды, міне, жыр-ару...
Шіркін перрон!
Қыз-жігітке екен сын.
Көз ұшында қол бұлғайды бір ару –
Енді келген сен емес пе екенсің?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу