Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
126
КӘРІ ШЕШЕМ БАСЫНДА
Күйімен тіршіліктің тербетілген,
Маңғыстау хас сұлудың келбетінде.
Жан ана, даусымды сен естимісің?..
Көктем ғой, көктем қазір жер бетінде!..
-Бір хабар болмады,- деп, - сенен тіптен,
Бар шығар сөздерің де менен күткен.
Қайтейін даусым саған естілмейді –
Арада кісі бойы-ақ тереңдіктен!..
Балаң да алданыш боп түтінге бір,
Баяғы таусылмайтын ісінде жүр.
Сенің де ақ тілеуің, армандарың –
Балауса жырларымның ішінде жүр.
Тек уақыт Сені менен бөлек етіп,
Қырлардан басын бермей келеді өтіп.
Асығыс, мен де тағы кетіп барам
Аяттың орнына бір өлең оқып!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter