Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
246
КАСПИЙ ТОЛҚЫНЫ
Бұйра толқын арқандайын есіліп,
Кәрі Каспий жатыр тағы төс ұрып.
Бұлқан-талқан мен де шалқып отырмын,
Шабыт-жырдың айдынында көсіліп.
Ақ көбігін – ақ жаулығын бұлғалап,
Жағалауды жатыр толқын жұлмалап.
Ерке сазан жоқ болды тек жарқ етіп,
Мынау жарық дүниеге бір қарап...
Жаңа ғана жатқан теңіз дөңбекшіп
Қалыпты ғой ішін тарта енді өксіп...
Жүрек деген менде де бір асау бар,
Кейде толқып басыламын мен де өстіп!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter