Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
179
НАУРЫЗ
Ашып тастап ақ ниеттің түндігін,
Жарұылдасып жүздесетін күн бүгін.
Көрісейік құшақтасып кәрі жас,
Бөлісейік шырайлы өмір шындығын.
Қайырмасы:
Халқымның дәстүрі-Наурыз
Адамның жас күні –Наурыз
Дарытқан береке,
Мерейлі мереке-Наурыз!
Туған жердің асқақтатып аспанын,
Төгілдіріп шежіре,жыр,дастанын.
Жаңа күннің, жаңа жылдың куәсі—
Наурызым жақсы үмітке бастадың.
Қайырмасы:
Жандардың шаттығы –Наурыз,
Көктемнің ақ гүлі –Наурыз,
Арлардың ақтығы,
Сезімдер пәктігі –Наурыз!
Кептер сынды ұшты самғап ақ тілек,
Көктем өңің нұрландырды тәтті леп.
Ақ ниеттің, мол пейілдің мейрамы–
Наурызым, тағы келдік бақ тілеп.
Қайырмасы.
Халқымның тағдыры –Наурыз,
Достықтың ән-жыры–Наурыз,
Бақыттың айғағы,
Шабыттың қайнары–Наурыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter