Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
102

ЖЫЛ-БӨБЕК ТУРАЛЫ ЖЫР
Әні С.Нұрғожаевтікі
Бар табиғат жасанып түрленеді,
Жанға жайлы ғажайып үн келеді.
Көптен күткен сәулелі жаңа күннен
Жүрек біткен құлпырып, гүлденеді.
Қайырмасы:
Жаңа жыл, жаңа жыл–
Жыл – бөбек гүлдемек.
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жүздерде нұр бөлек.
Еске салған ескірмес сан мұраны,
Асыл сөзден ағылды ән бұлағы.
Дәстүрлі мол халқымның шаттығы асып,
Қуаныштан көл-көсір жанды бағы.
Қайырмасы.
Апаратын ең ізгі мұраттарға,
Айналатын сарқылмас бұлақтарға.
Тұр құдірет бүгінгі сәби жылда,
Самала от боп құйылған шырақтарға
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter