Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
175

ҚОС АҚҚУ
— Ақ айдын ай мүсінін тербетті ме?!
— Жолықтым дәл өзіңдей келбеттіге.
— Аққуым, білем ынтық екеніңді,
— Тағы да ұшып келдім шөлдеп, міне.
—
Қайырмасы:
Қос аққу ырғалайық, ырғалайық,
Арайлы күн астында нұрланайық.
Айна көл тұнықтығын лайламай
Бақытқа қолд бұлғаған бір барайық.
— Толқытшы жүрегімді, санамайын
— Жаным-ау, қанатыңда паналайын.
— Жүзе бер жанарымда сұлулық боп
— Қарашық – Айдыныңда таранайын.
—
Қайырмасы.
— Сен барда жолықпасын қайғы – мұңға,
— Сен барда тағдыр жазбас айрылуға.
— Қос аққу қос жанарда мөлдірейік,
— Мәңгілік махаббаттың айдынында.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇