Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  885


Автор: Бірғали Байекеев

ТҮРКІСТАНЫМ - ТҰРАНЫМ

Аңыздар мен абыздаодың ордасы,
Батырлар мен ақындардың жыр басы,
Күллі түрік ұрпағының кіндігі,
Кие төрі, тектіліктің жол басы.
Қайырмасы:
Көненің көзі, бабалар сөзі – Түркістан,
Алаштың ары, иманы, бары – түркістан,
Ерліктің елі, бірліктің жері – Түркістан,
Даналар тұсы, батырлар күші – Түркістан,
Түркістаным – Тұраным, арналады жыр – әнім,
Түркістаным – Тұраным, арналады жыр –әнім.
Төтеп берген ғасырлардың сынына,
Куә болған шаттығы мен мұңына,
Көк күмбезді, тайқазанды Түркістан,
Аспанында – арайлы нұр, шұғыла.
Әулиелер, Иассауидың тұрағы,
Діл мен діннің сөнбей-тұрған шырағы


Шежіресі таусылмайтын Түркістан


Алты Алаш, қазағымның жыр-әні.
Қайырмасы:
Көненің көзі, бабалар сөзі – Түркістан,
Алаштың ары, иманы, бары – түркістан,
Ерліктің елі, бірліктің жері – Түркістан,
Даналар тұсы, батырлар күші – Түркістан,
Түркістаным – Тұраным, арналады жыр – әнім,
Түркістаным – Тұраным, арналады жыр –әнім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу