Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
93

Налымағын, қалқатай, налымағын..
Налымағын, қалқатай, налымағын,
Шынымды айтсам, әдейі танымадым.
Ұмыт қалған күндерді неғыласың,
Жүзі тозған алмасты жанымағын.
Танымай-ақ өмірден біз өтейік,
Кездеспей-ақ құр үміт күзетейік.
Деген сөзің санама сіңіспейді:
«Түзетейік, өткенді түзетейік».
Сөк мейлі, бұл тоқтамды сөкпе мейлі,
Қояйық жазғыруды өкпе-гөйді.
Құлаған қайың ағаш баптағанмен,
Қайтадан бүрін ашып, көктемейді.
Үрлеме сөніп қалған ғашық отын,
Іздеме жанды тілген жасын отын.
Жалғыздық айдынында жүздіре бер,
Қайғырсыз жүрегіңнің қасіретін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇