Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  177


Автор: Бірғали Байекеев

КӨК

Көк дөнен көлік,
Көкшулан серік.
Көк көңіл желік,
Көк ойда-көрік.
Көк зеңгір аспан,
Көкможы маңай.
Көк белден асқан
Көк кептер ән-ай.
Көк долы бұлақ,
Көк жұлын арна.
Көк желке қырат
Көк тайғақ нарға.
Көк қайыс қиыр
Көк тұман шөккен.
Көк соққан сиыр
Көк іздеп кеткен.
Көк қанат торғай,
Көк бүйір шымшық,
Көк мылжың болмай,
Көкиіп қырсық.
Көк жөтел жүгіртті
Көксау желді де,
Көкседі ымыртты
Көк кеш келді де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу