Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  101


Автор: Бірғали Байекеев

ТАҢҒЫ САЗ

Шығыстан сәуле сыланды,
Шұғыла шашып құбылып.
Еңістен түскен құлан-ды,
Шалғайта тартты шынығып.
Балқиды сұлу атырап,
Құстардың әні бағалы.
Сырғалы жасыл жапырақ
Тынымсыз сыбдыр қағады.
Сиқырлы саздар дүрия,
Сұлулық төгіп құлпырды.
Ақ қайың бейне жыр-ұя,
Көңілде көркем сыр тұнды.
Қыркүйек ашып қабағын
Күлімдеп қырдан қарады.
Қаңғыбас қаңбақ қауағын
Қара жел қуып барады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу