Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
173

КҮЙШІ ЖӘНЕ ДОМБЫРА
Кезінде елге дүйім ардақталған
Бұл тұяқ өнеге алған саңлақтардан.
Безесе домбырасын бебеулетіп,
Саумал күй төгіледі бармақтардан.
Күйші отыр шанағынан безілдетіп,
Барады бал әуендер сезімге өтіп.
Бой-жүйе сиқырланып күмбіріне
Қалмады ешбір дегбір төзімде түк.
Заматта куанасың, қайғырасың,
Дәрмен жоқ қозғалуға ай құласын.
Күйші отыр өмір жайлы сыр ұқтырып,
Әйгілеп ата-баба бай мұрасын.
Домбыра көмейіндей нар даланың,
Бабалар даусын қосып салған әнін.
Тыңдасаң, шежіреден саз төгеді.
Ағытып күй- өзеннің арналарын.
Не деген жүрек тербер жасын күй ең,
Домбырам, айналайын, асыл кием.
Сыйдырған қос ішекке қазақ атын
Үніңе құдіретті басымды ием!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇