Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  96


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

Айтқандаймын өлеңмен жанап бәрін...

Айтқандаймын өлеңмен жанап бәрін,
/Жар болғай баршамызға Жаратқаным/
Жұрт үшін, өзім үшін қандай жақсы,
Адымдап болашаққа баратқаның.
Жақсы сәтті әрдайым жан аңсаған,
Ауғандай-ақ болады санаң соған.
Мерейтойың күндері мерейленіп,
Құтты болсын жолдаймын, қалам саған!
Ұсыныс бұл ақының айта келді,
Риза қып жайлаған байтақ елді,
Шевченконы ресми шешімменен,
Ақкетік деп атасақ қайтеді енді?
Есесі бізде ешкімнің кеткен емес,
Ескі атаулар...ол да бір өткен елес.
Ұдайы ұлықталған ұлы ақынды,
Украйн қазаққа еш өкпелемес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу