Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  82


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

Толғасам адамдардан сыр байыпты...

Толғасам адамдардан сыр байыпты,
Жанымызды жалқын нұр мың байытты.
Мақтан қылып сөйлейміз қайраткердіКазЦИК-тің төрағасы Мыңбаевты.
Құнттамай жалқы тірлік-қара басты,
Талай түлек талантын қалада аштыФорт дей-тұғын. Ағайынды Оңғалбаев,
Жұбаевтар билікке араласты.
Жұрт біледі офицер Көбеевті,
Еңбегін «қайдан, кімсің» демей ұқты.
Саңлақ сапы Қилыбаев, Баймұрзаев,
Қызылбаев, Әлиевпен көбейіпті.
Айтсайшы жақсы ісінің жарасқанын,
Жаңғырып, ғасырдан да әрі асқанын.
«Кім?»,- дерсіз ол.-Кәдімгі бағбан адам,
Тәжиев-күтімге алған Тарас бағын.
«Қырымның қырық батыры» дастанын да,
Жатқа айтып, ғұмыры өтті қас –қағымда.
Ұлы жырау Сеңгірбеков мұра-дауысы,
Қалықтаған қара шаңырақ аспанында.
Замандастар жер бетін бір басыпты,
Келісті келешекке бірге асықты.
Қадірлейтін халқы бар Ыбыраев пен
Тұманбаев, Қомытов, Құрмашевты.
Нешебір азаматтар аты шықты,
Өнегелі, өрелі-заты мықты.
Ел есінде сақтайды Өмірбаев,
Оразбаев, Нұрлаев, Сәтімовты.
Шаруадан қолы қалт етіп босады ма,
Сөйлесе шешен сөзін тосады да...
Ат үстінде ертеден келе жатыр,
Өжет қызы өлкемнің Досанова.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу