Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  245


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

ГЕОЛОГ

...Шақырып тағы шартарап,
Төскейден соққан самалға тосып кеудеңді,
Аяңдай басып барасың арман-жүгіңді арқалап,
Ұсынар нені белгісіз алғы күндерің,
Әйтеуір сенде ағысы қатты бар талап.
О геолог бауырым,
Шатқалдан сонау салмай ән,
Құмарың қалай тарқамақ?
Жүресің солай тынбастан,
Көсіліп жатқан құла түз саған мекен боп,
Тамшысын қимай сазарған сәтте нұрлы аспан,
Бұталар сансыз жаныңа сая бола алмай,
Аптапты күнде табаның ыстық құм басқан.
Сахара кезіп тілдескен қара таспен де,
Өмірің сенің-тың дастан.
Үйіңнен ара алшақтап,
Кеткен бір күнде далаға біткен төзіммен,
Көрмедің, сірә, қиындықтардан жан сақтап,
Мерейің сонда күштерден дүлей үстем боп,
Күлесің ылғи таңша әппақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу