Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  160


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

БАЛА ШАҚ

Қаламын кейде тым үнсіз,
Көрген бе ойлар тоқталып.
Кетті ғой күндер тынымсыз,
Балалық балғын шақты алып.
Еншім боп дала көлбеген,
Есімде...талай қырды астым.
Кеудемді тосып желге мен,
Самалмен жазғы сырластым.
Сездірген кезде күз демін,
Ызғарға сол бір төзе алмай,
Шулаған құстар тізбегін,
Шығарып салдым көз алмай.
Жағасын жай қып ақ бұлақ,
Санаушы ем көктің жұлдызын.
Сағымды қуған шапқылап,
Жатырған шығар құмда ізім.
Шақырса алға болашақ,
Арманым шығар ол менің.
Әйтсе де балғын бала шақ,
Өзіңді аңсап, шөлдедім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу