Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
146
АҚТАУ
Қол созып күнге пердесін көктің бүркеніп,
Биіктен шырқау теңізге қала тұр төніп.
Кеткен бе дерсің шырақтар көзін ашқанда,
Көкірегін оның нұр көміп.
Дүбір қып маңды атса егер таң күліп,
Сұлулығын әсте шағалалар жүрер ән қылып.
Қала ішін сонда думанға орап жатады,
Толассыз мұнда жаңғырық.
Толқынның демі жанарында тұнса жас талдың,
Тіршілік сазы кернеген төсін аспанның.
Бұл аймақ сыры жетер-ау келер аймаққа,
Парақтары болып дастанның.
Қайғысын тосқан қасірет кезең алыс қап,
Қойнынан бүгін бақыттың шалқып әні ұшпақ...
Жасампаз қалам пәш етіп өзін барады,
Нұрлы ертеңдерге қарыштап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter