Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  78


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

Балауса едім деміңнен нәр ап көктеген...

Балауса едім деміңнен нәр ап көктеген,
Туған жер, сенен кетпеспін, сірә, шетке мен.
Қалдырған сенде балалық балғын шақты аңсап,
Болды ма кезім сағыныш күйін шертпеген.
Күс табан жортып іздерім қалған сары алап,
Отырмын үнсіз өзіңді оймен аралап.
Бетке ұстап сені сыңсыған құстар тізбегі,
Шалқыған көлдей сағынышымды барады ап.
Сәулесін жиып бойыма сансыз шырақтың,
Далаңдай дархан болуды бастан ұнаттым.
Мекендеп мынау кеудемді мәңгі қалған ба,
Жайраңдап аққан мінезі мөлдір бұлақтың.
Тамызда сарша аспаның тамшы татырмай
қалса да, саған мен бе екем қарар жатырқай.
Арманның алғаш үрлеген отын, тұрағым,
Ыстық ең неткен алғашқы махаббатымдай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу