Өлеңдер ✍️
ЖЕТІБАЙ ТУРАЛЫ ЖЫР
Күн тамбайтын себелеп,
Қыстайтұғын малшы ауыл.
Өскеннен соң ащы шөп
Бұйрығын, жусан, ебелек,
Жаз шыққасын құлазып
Жатар еді бұл ара
Жан беруге жеріме,
Байлық алмақ еліме
Еңбекте өскен ұлдарым
Қалады әкеп мұнара...
...Табиғатты тұсауға
Бел буған кілең батырға
Тегеурінді табиғат
Тек киімшең қисайып
Түздің дәмін татырды,
Азынады суық жел
Күзде, қыста шатырда,
Арасында бір кебір
Ералы мен Жетібай –
Жалпақ жонда сансыз жол
Шыға алмайсың шетіне.
Сол алқапта бір батпақ –
Күзде, қыста батып қап
Талай шопыр байланды,
Жайғасып ас іше алмай
Өткізді сан айларды...
...Бірі болса, бірі жоқ.
Құрал-сайман жетпеді,
Күндіз-түні мігірсіз –
Жұмыссыз күн өтпеді.
Қойдай өріп машина
Бірі тасып ауыз су
Бірі салды баспана,
Бірі салды асхана.
Қиындыкпен күрескен,
Айлар өтті, жыл өтті,
Жасымады жан аяп
Балдарым ер жүректі,
Он-сан ұлттың ұл-қызы
Орыс, башқұрт, грузин,
Армян, қазақ, қырғызым
Ел байлығы жолында
Біріге қосты тілекті,
Бір сыбанды білекті.
Ел қамқоры – партия
Кең даланы түлетті...
... Бүгін енді қарасам:
Жетібайдың жонында,
Ақ қалалар самсады,
Ақ қаланың тұрғыны –
Жерге салған бұрғыны
Қаһармандар қанша мың!
Алыптарым алысып
Кияға құлаш сермеген,
Тасытты табыс бұлағын
Көзін ашты көмбенің,
Жетібайдың жерінен
Өндірісім өрлеген,
Мұнайының толқыны
Жерді қозғап кернеген,
Арқыраған ағыны
Жоғары шапшып атқанда
Дария болды көрмеген.
Маңғыстаудың ойында
Мұнайдың арна-өзегі.
Даңқы кеткен әлемге
Жетібай менен Өзенім.
Жалпақ жонда бүгінде
Самсаған бір мұнара,
Сан жылдарға сарқылмас
Байлық көзі бұл ара.
Еңбегімен ерімнің
Құдіретімен елімнің
Мұнай көзін бұрқатып
Көл-көсір боп тұра алар.
1963 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter